1 сәуірде елдің басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын және қатты екпінді жел күтіледі, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, солтүстік, солтүстік-батыста бұрқасын, оңтүстікте шаңды-дауыл соғады.