Бүгін елдің басым бөлігінде жауын жауып, кей жерлерде көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс аймағының кей жерлерінде жауын-шашын, тек республиканың онтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстік және солтүстік-батыста бұрқасын болады.