Санкт-Петербургте үш тәулік қаралы күн жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербург әкімшілігі метрода болған жарылыстан кейін сейсенбіден бастап үш тәулік қаралы күн жариялады. Бұл туралы қала губернаторының баспасөз хатшысы Андрей Кибитов Twitter-дегі парақшасында хабарлады.