Қазақстанда халықаралық ауыл туризмі жобасы жүзеге асырылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда халықаралық ауыл туризмі жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігіндегі туристік және қонақ үй бизнесі саласындағы қызметтерді реттеу мәселесін қозғаған өңірлік штаб отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Қазақстанның қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастысы» ЗТБ-ның вице-президенті Наталья Сергеенкова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.