БҚО-да 136 мектеп музейі жұмыс жасайды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 136 мектеп музейі жұмыс жасайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фомин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.