Қазақстанда ҮЕҰ-лерге гранттар бөлу процедурасы жеңілдетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлу процедурасы жеңілдетіледі. Бұл жайында бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жұмыс нәтижесіне арналған қоғамдық кеңес отырысында министр Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.