Әуежайлар мен вокзалдардағы намазханалар қайта ашылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әуежайлар, вокзалдар мен порттардағы намазханаларға салынған тыйым қайтадан алынуы мүмкін. Бұл жайында бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жұмыс нәтижесіне арналған қоғамдық кеңес отырысында министр Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.