Сейсенбіде еліміздің көп бөлігінде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жауын-шашын жауады, оңтүстікте және орталықта жаңбыр жауып өтеді. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік пен орталықта желдің күшеюі күтіледі, найзағай байқалады, деп хабарлайды Қазгидромет.