ҚР Бас прокуратурасы мен БҰҰ арасында Меморандумға қол қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов Австрияға жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров болды. Сапар барысында Жақып Асанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Юрий Федотовпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.