Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары аймақтағы су ресурстарына қатысты мәселені талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Қырғыз сыртқы саяси ведомствосының басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген болатын.