The Singer гала концертінде Димаш жаңа «Махаббат бер маған» әнін шырқады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергенді әлемге танытқан «The Singer» жобасының гала концерті өтті. Бұл жөнінде Қытайдың Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетіп, екінші орынды жеңіп алған Димаш Құдайберген өзінің инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.