Астанада қамқоршысыз қалған балалардың саны азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Астанада балаларға қамқоршылық, қорғаушылық және қолдау бөлімінде ата-ана қамқорлығынан айырылған 976 жетім бала тіркеуде тұр, оның 578-і - қамқоршылыққа және қорғаушылыққа, 73 бала патронаттық тәрбиеге алынған, 325 бала жетімдер үйінде және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленуде.
Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.