Сәрсенбіде еліміздің кей жерлерінде жауын жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман болып, екпінді жел соғады, қиыр солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.