Азық-түлік саласында Ресей мен Беларусь тарапынан демпинг байқалуда - «Атамекен» ҰКП
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда азық-түлік нарығы тиісті деңгейде қорғалмай жатыр. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеудің проблемалары туралы» тақырыппен өткен дөңгелек үстелде «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.