Димаш туралы ақпараттың аздығына Қытайдағы жанкүйерлері алаңдаулы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың «Singer» байқауында жұлдызы жанған Димаш Құдайбергеннің қытайлық фанаттары қазақстандық БАҚ-қа өкпе-назын білдірді. Олар Димаштың елге оралғанына бір апта өтсе де, әнші туралы жан-жақты жаңалықтар саны жеткіліксіз, Димаштың қайда, не істеп жүргенін білмей хабарсыз қалдық деп ренжулі.