Бауыржан Байбек: Қазақстандық бірлікті одан ары нығайту қажет
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жұрты 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін кең көлемде атап өтуде. Алматыдағы Республика сарайы алдында құрылған басты сахнада отандық және Әзербайжан, Татарстан, Өзбекстаннан келген өнерпаздар ән шырқап, би биледі. Басты сахнада алматылықтар мен қала қонақтарын құттықтаған шаһар басшысы Бауыржан Байбек әлемге үлгі болып отырған қазақстандық біртектілікті одан ары нығайту қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.