ОҚО-да бір мезетте 1 мың домбырашының күйі орындалды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бір мезетте 1 мың домбырашының күйі күмбірледі. Бірлік мерекесіне арналған жиында жергілікті домбырашылар Құрмағазының күйі «Балбырауынды» бір ырғақта, тамаша орындап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.