БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады
Биыл Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл. Осыған орай, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2016) атты ірі халықаралық студенттік конференцияның ашылу салтанатты өтті. Конференцияға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегаттары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Франция және т.б елдердің студенттері қатысуда.