Әскери парадқа байланысты Астанадағы көлік қозғалысына шектеу қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығы және Жеңіс күніне орай «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадтың өткізілуі мен оған дайындық шараларына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі.