ҚазАгро: АӨК бизнестің көлемін кеңейтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің экономикасының аграрлық секторында болып жатқан процестер қашанда қоғамның назарынан қалт кеткен жоқ. Бүгінгі таңда салада маңызды өзгерістер байқалады, даму векторы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар айындағы «Қазақстанның үшінші жаңаруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.