ЕАЭО аясында дәрі-дәрмектердің бірыңғай нарығы іске қосылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 6 мамыры күні Еуразиялық экономикалық одақ елдері Одақ аясында дәрі-дәрмектердің айналамын реттеу жөніндегі нормативтік базаны ратификациялаған соң Еуразиялық экономикалық комиссияның ұйымға мүше мемлекет өкілдерімен бірлесіп әзірлеген ЕЭК-ның 21 шешімі мен ЕЭК алқасының бір кеңесін қоса алғанда 26 құжаттан тұратын мәселелер жиынтығы іске қосылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.