Алматы облысындағы Үшарал қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алуда заңсыз әрекетке барған
ТАЛДЫҚОРҒАН. - ҚазАқпарат Алматы облысы, Алакөл аудандық прокуратурасының ұсынысы негізінде табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Үшарал қалалық округі әкімнің аппаратына қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуына тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.