Сағынтаев Қостанай кәсіпкерлерімен бизнес ортаны дамыту мәселесін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысына жұмыс сапары аясында «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ өңірде кәсіпкерлікті дамытудың перспективалы бағыттары талқыланды, деп хабарлады бүгін primeminister.kz