Рио олимпиадасының жүлдегері Екатерина Ларионова емделу үстінде
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионова емделу үстінде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында әйелдер күресінен БҚО құрамасының аға бапкері Мұсабек Нарегеев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.