Премьер-Министр елорда инфрақұрылымының ЭКСПО-2017 көрмесіне әзірлігін тексерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жаңа темір жол вокзалының, Астананың халықаралық әуежайының жаңа терминалдарының, «Жасыл орам» және «Абу-Даби Плаза» кешендерінің, «Талдыкөл» кәріз тазарту ғимаратының құрылыс барысымен танысты.