Алдағы бес жылда 673 мың қазақстандық жұмысшы біліктілігін алады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен пресс-тур өтті. Оның барысында ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру жайлы айтып берді.