Елбасы Манчестерде болған оқиғаға байланысты Тереза Мэйге көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-Министрі Тереза Мэйге Манчестер қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.