Түркістанда зейнет жасындағы әйел кәріз шұңқырына құлап кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда зейнет жасындағы әйел үйінің ауласындағы кәріз шұңқырына түсіп кетті. Оқиға таңғы сағат тоғыздарда орын алған. Абайсызда аяғы тайып кетіп, шұңқырға құлаған тұрғынды туыстары шығара алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.