Димаштың концертіне Hunan TV арнасы өз жұлдыздарын алып келеді - министр
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертінде басқа да танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.