Балалар күніне орай Астанада бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Елорда басшылығы балалар мен үлкендерге арналған ауқымды мәдени-бұқаралық бағдарлама дайындады. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары 30 мамыр мен 5 маусым аралығында көрмелер мен концерттерге барып, театр қойылымдарын тамашалай алады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.