Елордада «Smile Astana» жастар қозғалысы қарқын алып келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық жастар кең ауқымды акцияға белсенді қатысуда. Қала көшелерінде смайликтері бар жапсырмалар пайда болуда. Студенттер, жас мамандар және қаланың жастар ұйымдарының өкілдері елорданың көңілді, мейірімді тұрғындарының бейнесін қалыптастыруға бағытталған жаңа мәдени трендті қолдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.