Халық Банк пен Казкоммерцбанк негіздемелік келісімге қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 2 маусымда ҚР Үкіметі (ҚР Қаржы министрлігі арқылы), ҚР Ұлттық Банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Самұрық-Қазына»), «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ («Халық Банкі»), «БТА Банкі» АҚ («БТА Банкі»), «Казкоммерцбанк» АҚ («Казкоммерцбанк») және оның ірі акционері К.Х. Рақышев мырза арасында Негіздемелік келісімге (бұдан әрі - «Келісім») қол қойылды, делінген Ұлттық банктің хабарламасында.