Астанада салмағы 3,5 тоннадан жоғары жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 маусым мен 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан астам барлық жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл талап өндіріс аймақтарына жүрмейді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.