Қазақстанға Ресейден жаңа атмосфералық ауа ағыны келе жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігіндегі орталық аудандардан жаңа атмосфералық ауа ағыны келе жатыр. Ауа ағындарының республика аумағынан жиі әрі тез ауысуы тропосферада жиналған батыс-шығысқа ауысатын Антлант ылғалды ауа массаларымен байланысты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.