Қоғамдық комиссия БАҚ саласындағы Президент сыйлығы иегерлерін анықтайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.