Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтың Минск қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогының бірінші жарыс күні қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.