Катонқарағайда италиян шегірткелері қаптады
Катонқарағай ауданының аумақтық инспекциясы халыққа үндеу жасады.
- 2021 жылдың 15 маусымынан 1 шілдеге дейін Катонқарағай, Үлкен Нарын, Аққайнар, Жамбыл ауылдық округтерінде бүрку әдісімен химиялық және биологиялық күрес жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Оған себеп мемлекеттік жер қоры есебінде тұрған жайылымдық жерлерде италиян прусы дернәсілдерінің жаппай шығуы. Улы химикаттар (пестицидтер) себілген жерлерге алдағы 1 ай мерзімінде мал жаюға, адамдардың баруына тыйым салынады, - дейді аумақтық инспекция мамандары.
