Адал еңбекке — жоғары марапат
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен өңірдің бірқатар азаматтары III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
— Ағымдағы жыл Президенттің бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл — өз кәсібіне адал, жоғары кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі арқылы өңірдің және тұтастай елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбек адамдарына көрсетілген зор құрмет пен лайықты баға. Олардың тынымсыз еңбегі, іске деген адалдығы мен кәсіби біліктілігі қоғам үшін үлгі болып, еңбек құндылықтарының маңызын айқындай түседі,- деп өтті облыс басшысы.
