Добавить новость
103news.com
Все новости
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

2026 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?

0

Read this article in English.

Читайте этот материал на русском.

Экономикаға мемлекет тарапынан ақша құйылып, ЖІӨ алты жыл бойы белсенді түрде өсті, алайда қазір Қазақстан экономикасы баяулай бастауы мүмкін. Бұған биліктің Ұлттық қордан ақша алуды азайту туралы шешімі және инфляция деңгейінің жоғары болып, мұның салық реформасына тұспа-тұс келуі себеп болады. «Власть» сөйлескен сарапшылар ресми статистика мен азаматтардың шынайы әл-ауқаты арасындағы алшақтық ұлғая түседі дейді.

Ірі халықаралық қаржы ұйымдары 2026 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны бәсеңдейді деген пікірде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, елдің жалпы ішкі өніміне шамамен 6% қосылса, 2026 жылға жасалған болжам әлдеқайда аз — 4 пайыздан (S&P) 4,5 пайызға дейін (Дүниежүзілік банк, ХВҚ). Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Еуразия даму банкі ғана 5% болады деп болжап отыр.

«Қазақстанды алатын болсақ, бұл дамушы нарық, жоғары қарқынмен өсіп жатқан экономика екенін ескеруіміз қажет. Одан өсімнің сәл бәсеңдеуін күтуге болады», — дейді ING Bank-тің ТМД бойынша бас экономисі Дмитрий Долгин.

Алайда экономист Рақымбек Әбдірахманов өсімнің бәсеңдегені емес, қордаланған құрылымдық теңсіздік пайда болғаны маңыздырақ деп санайды: «ЖІӨ өсімінің экономикадағы шынайы белсенділікпен байланысы азайып, мемлекет шығындарымен, инфляциямен, шикізат рентасымен, бәлкім, статистикаға қатысты әлдебір манипуляциямен байланысы көбірек болады. Мысалы, дефляторды азайтып көрсету».

«Табысты көбейту көзі жоқ»

Азаматтардың нақты табысының азайғаны ең ауыр проблеманың бірі болып отыр. Әбдірахмановтың айтуынша, негізгі 26 тауар мен қызметтің (азық-түлік, газ, коммуналдық қызмет) қымбаттауына орай, 2025 жылы табыстың азаюы 5-6% болды. Өмір сапасының нашарлағанын қазақстандықтар кредит пен жинағын жарату есебінен жапқысы келеді. 2026 жылы бұл тенденция жалғасады.

«2026 жылы нақты табыстың көбею әлеуеті тым шектеулі, өйткені бұған себеп болатындай табыс көзі жоқ», — дейді экономист.

Табыстың нақты өсіміне негізінен шағын және орта бизнесте жеке инвестицияның, өнімділіктің, еңбекпен қамтудың артуы және жеке секторда еңбекақының өсуі себеп болады.

«Бірақ, 2025 жылы байқағанымыздай, бұл салалар қазір дамып жатқан жоқ», — дейді Әбдірахманов.

Соның ішінде, компаниялар тарапынан негізгі капиталға салынатын инвестиция қарқыны бәсеңдегені байқалады. Экономист ұлттық компаниялар салымын ескере отырып, мемлекеттің экономикаға құйған инвестициясы 50 пайызға жуық деп бағалап отыр. Бұл тенденцияны тоқтатуға, ең алдымен, кредитті қымбат етіп отырған базалық мөлшерлеменің жоғары болуы кедергі келтіреді. Ал олардың құны төмендей қоятынына экономист сенбейді.

Қазіргі жағдайда табыстың артуына мемлекет тарапынан еңбекақы мен жәрдемақыны индекстеу ықпал ете алады деп түсіндірді Әбдірахманов. Бірақ, билік бюджет тапшылығына байланысты мұндайға бара алмайды. Тапшылық бюджеттен тыс қорлар мен сыртқы қарыздарды қоса алғанда, жалпы ішкі өнімнің 10 пайызындай болады және әрі қарай ұлғаяды.

«Мемлекет тарапынан табысты арттыру не инфляцияға ұрындырады, не бұл ұзаққа бармайды», — деді экономист.

Салық саясатының салдары

Долгин қазақстандықтардың қаржы жағдайына таяу арада ҚҚС өсуі және жаңа салық саясатына көшу әсер ететінін айтты. Ақырғы өнім бағасы өскендіктен, бұл азаматтардың сатып алу қабілетіне де, жеке сектордағы инвестицияға да соққы болып тиеді.

Жанар Каримованың фотосуреті

«Салық мөлшерлемесі әдетте жеке инвестицияға, әсіресе маржасы аз жеке компаниялардың инвестициясына кері әсерін тигізеді. Бірақ, Қазақстандағы инвестиция негізінен ірі өнеркәсіп пен экспортқа бағытталған компанияларға тиесілі, оларға ҚҚС қатты әсер ете қоймас», — деп түсіндірді ол.

ING Bank экономисі салық реформасының негізгі мақсаты — экономиканы және инвестициялық ортаны тең күйге келтіру деп санайды. Бұл инвесторлар сенімін нығайтуы мүмкін, бірақ алдын ала кесіп айтуға болмайды дейді Долгин.

«[Салық реформасы] экономиканың өсу көрсеткіштеріне түбегейлі зиян келтірмеуі керек. Қазақстан тез дамып жатқан экономика екенін есте ұстаған жөн, оның дамуына демография тенденциясы, еңбек нарығындағы қарқын және елдің аймақтағы жеткізу тізбегіне қатысуы негіз болып отыр», — деген ой түйді ол.

Мемлекеттің ірі бизнеске, әсіресе шикізат компанияларына және банктерге салынатын салықты көтеруден бас тартуы жағдайды қосымша қиындатып отыр дейді Әбдірахманов. Оның орнына билік ауыртпалықты қарапайым азаматтарға, шағын және орта бизнеске артып отыр, мұнай бағасы арзандап жатқан жағдайда (2026 жылы Brent баррелі 56-57 пайызға дейін арзандауы мүмкін) бұл мемлекет қаржысындағы теңсіздікті күшейтеді.

Желтоқсан айында үкімет отырысынан кейін болған брифингте ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық реформасы нәтижесінде өзі басқаратын мекеме 300 мыңдай компания жабылады деп болжап отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, олардың арасында салықты оңтайландыру мақсатымен құрылған компаниялар ғана болады.

Әбдірахманов реформаның кесірі жаңа салық жағдайында жұмыс істеуге әлі жетпей қалған шынайы шағын бизнеске де тиеді деп топшылады. Жағдай мүшкіл болып жатса, Қазақстанда шағын және орта бизнестің жаппай жабылуынан 900 мыңнан 1,2 миллионға дейін жұмыс орны жойылуы мүмкін.

«Сондықтан 2026 жылға арналған негізгі сценарий — өмір деңгейі баяу, тұрақты түрде нашарлай береді, бірақ бұл күйреу түрінде емес, біртіндеп кедейлену түрінде болады. Келесі жылы қазіргі жұмыс үлгісі енді іске аспайтынын түсінеміз. Фискалдық ынталандыру табыстың өсуіне де, бюджеттің орнықты болуына да, әлеуметтік тұрақтылыққа да енді көмектеспейді», — деп қорытты экономист.

Әлеуметтік шиеленіс пен еңбек дауы

Экономикада қиындықтар болып жатқан кезде әлеуметтік шиеленіс қатері де артады. Бұған ең алдымен жалданып істейтін қызметкерлердің қолында әлі күнге дейін талап қоюға және еңбек дауын шешуге заң тетігінің болмауы себеп.

Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша аға зерттеушісі Мира Ритман жақында Еңбек кодексіне енгізіліп, 2026 жылғы қаңтарда күшіне енген түзетулер кәсіподаққа бірігу еркіндігін немесе ереуіл жасау құқығын шектеуге қатысты бұрыннан келе жатқан проблеманы шешпейтінін айтты. Қызметкерлер осы құқықтарды жүзеге асырған жағдайда, оларға қылмыстық санкция қолданылуы мүмкін.

«Халықаралық еңбек ұйымы бейбіт ереуілге қатысушыларға қылмыстық санкция қолдану жазаның шектен шыққан түрі деп бекітті. Оның үстіне, бұл Қазақстан адам құқығы мен еңбек құқығы саласында мойнына алған міндеттемеге қайшы», — деді ол.

Зерттеуші наразылық қарқыны туралы болжам жасау қиын дейді. Бірақ, оның айтуынша, ел тарихында қызметкерлердің, әсіресе экономикалық себептерге байланысты кенеттен ереуілге шығуы тұрақты болып тұрады.

«Егер соған жағдай жасалмаса, Қазақстан билігі бірлесу еркіндігін және ұжымдық келіссөз жүргізу құқығын толық сыйламаса, жұмыстан шығару, айыппұл салу немесе түрмеге қамау сияқты жеке басқа үлкен қатер әкелсе де, қызметкерлер наразылық өткізуден немесе ереуілге шығудан басқа жол қалмады деген шешімге келуі мүмкін», — деді Ритман.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России