Добавить новость
103news.com
Новости по-русски
Январь
2016

Астанада ұшақ апатынан қаза тапқан офицерлердің жесірлері Шекара қызметін сотқа берді

Негізі сақтандыру компаниясы марқұмдардың шаңырағына деп 1 миллиард теңге бөліпті. Сол ақшаны жәбірленушілерге үлестерудің орнына, Шекара қызметі республикалық бюджетке аударып жіберген. Ал офицерлердің жесірлері бұл өтемақының өздеріне тиесілі екенін енді сот арқылы дәлелдемек.

Қайғыдан енді ес жия бастаған офицерлердің жесірлеріне сот табалдырығын тоздырамыз деген ой үш ұйықтаса түстеріне де кірмеген. Ұшақ апатынан қаза тапқан 20-дан астам шекарашының отбасы 3 жыл өтсе де, өтемақы әлі ала алмай жүр. Айтуларынша әр шаңырақ 50 миллион теңгеден алуы керек. Бірақ Шекара қызметі уәдесінде тұрмай сақтандыру компаниясы бөлген миллиард теңгені Қаржы министрлігінің есепшотына аударып жіберген. Сол қаржының бюджетке кеткені жәбірленушілердің түсінбестігін туғызып отыр.

“Шекара қызметі өз адамдарының қазасынан ақша тауып отыр. Бұл не деген сұмдық. Бізді сақтандыру компаниясынан ақша алу үшін пайдаланды”, – дейді Татьяна Рахман.

“Енді әкесіз қалған балаларды қалай асыраймыз? Күйеуім 20 жыл отанына адал қызмет етіп қаза тауып отыр. Содан кейін оның отбасына осылай қарайды деп ойламаппын”, – деді Елена Лубинец.

Бір анығы Шекара қызметі бұл даудан ат-тондарын ала қашып отыр. Тіпті сақтандыру компаниясының бөлген өтемақысы неліктен офицерлердің жесірлеріне үлестірілмеді деген сұраққа нақты жауап берген жоқ.

“Заң бойынша ешқандай қателік кеткен жоқ. Марқұмның туыстарына қолдан келген көмекті көрсеттік. Алдағы уақытта да қарайласып тұрамыз. Бірақ, бұл істе біз емес, Қаржы министрлігі жауапкер болуы керек”, – деді ҰҚК Шекара қызметі заң басқармасының қызметкері Еркінбек Сағадиев.

Кінәні бір-біріне ысырған сотта Шекара қызметі ақыры сүттен-ақ, судан таза боп шықты. Өйткені, судья Шекара қызметіне тағылған айыпты алып тастап, жауапкер ретінде Қаржы министрлігін таныды. Енді марқұмдардың жақындарына осы министрлік шотты ашып, өтемақыларын санап беруі тиіс. Бірақ сот залынан ашулы шыққан ведомства өкілдері бір тиын да төлемейтінін айтып сес көрсетті.

2012-ші жылдың желтоқсанында Астанадан көтерілген Ан-72 ұшағы Шымкент маңында апатқа ұшыраған болған. Шекара қызметінің бастығы Тұрғанбек Стамбеков бастаған жалпы саны 27 лауазымды офицер ажал құшқан еді.

Ал асыраушыларынан айырылған марқұм шекарашылардың туыстары ақшаны жақын арада ала қоймайтын сияқты. Өйткені, Қаржы министрлігі бүгінгі судьяның шешіміне апелляциялық шағым түсірмек. Ал жәбірленушілердің ойынша, өтемақыны қалайда Шекара қызметі төлеуі тиіс. Себебі апатқа ұшыраған ұшақты сақтандыру жайындағы келісімді жеке компаниямен шекарашылар жасасқан.
Источник: nur.kz






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России