2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады? сұранысқа ие мамандық, мамандық, мамандық таңдау, колледжге квота
Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды. Жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді. Сонымен қатар, биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдап жатыр. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:
— I немесе II топтағы...