Ресей Қазақстанның ірі жеті инвесторының қатарында - ҚР Сыртқы істер министрі
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей Қазақстанның ірі инвесторларының «жетілігіне» кіріп отыр. Қазақстан мен Ресейдің жалпы сомасы 2,7 млрд долларды құрайтын бірлескен 16 инвестициялық жоба бар. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов осылай мәлім етті.