Арыста қатты жарылыс болады деп ақпарат таратқан келіншекке қылмыстық іс қозғалды
![Арыста қатты жарылыс болады деп ақпарат таратқан келіншекке қылмыстық іс қозғалды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20190712142407.jpg)
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыста қатты жарылыс болады деп жалған ақпарат таратқан келіншек жұрттан кешірім сұрады. Ол whatsApp әлеуметтік желісіндегі «Арыс қаласы» тобына қаладан «Луна» атты бомба шығарылатынын айтып, жұртты дүрліктірген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.