Арыс қаласында 1620 тұрғын үй жөнделді
![Арыс қаласында 1620 тұрғын үй жөнделді](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/07/20/190720163831279e.jpeg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мәліметінше, Арыста 1620 үй қайта қалпына келтірілген. Қазіргі таңда құрылысшылар 4798 жеке және көпқабатты тұрғын үйде жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.