ҚР ИИДМ жаңа жылыту маусымына дайындалуда
![ҚР ИИДМ жаңа жылыту маусымына дайындалуда](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/07/26/190726214255218e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде алдағы жылыту маусымына дайындық және коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету бойынша селекторлық кеңес өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.