Ақмолада коммуналдық қызмет тарифтеріне қатысты заңбұзушылықтар анықталды - прокуратура
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астрахан ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесі бойынша «Комхоз» коммуналдық кәсіпорыны қызметінде су және жылу энергиясын беру қызметіне тариф белгілеу саласында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.