Түркістан: көпбалалы отбасыларға 1345 грант бөлінді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Биыл көпбалалы және әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға ҚР Ұлттық қордан бөлінген қаражатқа 5 мың грант тағайындалып отыр. Соның ішінде Түркістан облысына 1345 грант бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.