Қорғаныс министрлігі Ресейде жерленген 73 қазақстандық майдангердің туыстарын іздейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 1941-1945 жылдары соғыста мерт болған қазақстандық жауынгерлердің Ресей Федерациясы Иванов облысы аумағында жерленгені жайлы мәлімет алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.