Түркістанда 5 метрлік кәуап дайындалды
![Түркістанда 5 метрлік кәуап дайындалды](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/11/04/191104162745901e.jpg)
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда ұзындығы 5 метрлік кәуап дайындалып, қонақтарға таратылды. Сондай-ақ, бір қазанда жеті түрлі палау демделді. Ерекше тағамдар фестивалін Түркістан облыстық турзим басқармасы мен қалалық кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.