Ақмолада асыл тұқымды сиыр ұрлаған малшы мен оның танысы ұсталды
![Ақмолада асыл тұқымды сиыр ұрлаған малшы мен оның танысы ұсталды](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/11/18/191118000138267a3586137i.jpg)
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында асыл тұқымды үш бас ірі қара ұрланып, мал иесіне 1,5 миллион теңге шығын келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.